Президент • 27 Ақпан, 2019

Елбасы «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

780 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

«Құрметті съезд делегаттары, құрметті қонақтар! Баршыңызды «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. 1999 жылғы 1 наурыз еліміздің жылнамасына партиямыздың негізі қаланған күн ретінде жазылды. Тарих өлшемімен қарағанда бұл көп уақыт емес. Бірақ біз үшін тұтас дәуірге барабар. Ғасырлар тоғысындағы күрделі жағдайды өздеріңіз білесіздер. Бізге тез арада дұрыс таңдау жасауды талап еткен заман болды. Тәуелсіздігімізді нығайтып, мықты мемлекет құру үшін бізге батыл қадамдар жасап, маңызды реформалар жасау керек болды. Әйтпесе әлемдік өркениет жолына бастайтын даму көшінен қалып қояр едік. Осындай ұлы мақсатты көздеген «Нұр Отан» партиясы халықтың сенімін ақтап, орнықты экономикамызды қамтамасыз ететін бірден-бір саяси күшке айналды. Сындарлы жылдары жанымнан табылып, биік белестерді бағындыруға атсалысқан партияластарыма, баршаңызға алғысымды білдіремін» деді Елбасы құттықтау сөзінде.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасының қатысуымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтіп жатыр.