27 Ақпан, 2019

Денсаулық сақтау саласына қосымша 120 млрд теңге бөлінеді

556 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Елбасы Үкіметке үш мәселеге байланысты тапсырма берді.

Денсаулық сақтау саласына қосымша 120 млрд теңге бөлінеді

Атап айтар болсақ: 

1.    Аз қамтылған отбасылардың жәрдемақысын көбейту; 
2.    Жалақысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу, білім мен денсаулық сақтау жүйелерін жақсарту;
3.    Аймақтарды кешенді дамыту.

Бұл ретте Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосымша 120 млрд теңге бөлінетіні мәлім болды.

Мемлекет басшысы қоғамдық денсаулық пен алғашқы медициналық көмекке бөлінетін қаражаттың жалпы денсаулық сақтау саласына қарастырылған ақшаның 40 пайызынан 60 пайызға дейін арттырылуы тиіс екенін айтты. Одан бөлек, аталған саланы дамытуға қосымша 120 млрд теңге бөлінетіндігін атап өтті.