Медицина • 27 Ақпан, 2019

Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жұмыстарына қосымша 140 млрд теңге бөлінеді

772 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жұмыстарына қосымша 140 млрд теңге бөлінеді

 «Халықты таза ауыз сумен қамту және жаппай газдандыру - маңызды басымдық болып қала береді. Елді мекендерге су тарту және сумен қамтамасыз ету жұмыстарына қосымша 140 млрд теңге бөлуді тапсырамын. Бұл қаражатты облыстар алып, жұмысқа кірісуі керек. Бұл шешім осы саладағы 2,2 млн азаматтың мәселесін шешеді»  деді  Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде.

Сонымен бірге Елбасы газдандыру және электр қуатымен қамту үшін 140 млрд теңге бөлуді тапсырды. Бұл жұмыстар 1,1 млн адамды газбен қамтуға мүмкіндік береді және өңірлік энергиямен қамту әлеуетін арттырады.  «Бұл мақсаттар үшін Үкіметке 2019-2021 жылдар аралығында 920 млрд теңге қарастыруды тапсырамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.