Әлем • 27 Ақпан, 2019

Ханойда Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуі басталды

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынмен кездесу үшін Ханойға келді.

Ханойда Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуі басталды

Кездесуде КХДР ядролық қарусыздану мәселесі талқыланады деп күтілуде.

«Саммит өте табысты болады деп үміттенемін» деді Трамп КХДР Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасымен кездесу алдында.

Өз кезегінде Ким Чен Ын КХДР мен АҚШ-тың екінші саммиті нақты нәтиже беретініне сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ пен Солтүстік Корея көшбасшыларының бірінші саммиті 2018 жылы 12 маусымда Сингапурда өтті. Бірінші саммитте Пхеньян АҚШ тарапынан қауіпсіздік кепілдігіне жауап ретінде ядролық қарусыздану жүргізуге міндетті құжатқа қол қойған еді.