Қазақстан • 28 Ақпан, 2019

Қарулы күштер үздік мерген батальонын анықтап жатыр

610 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлері жалпы әскери және десанттық бөлімшелер арасында атыс жаттығуын арттыру, штаттық қару-жарақ пен қару-жарақтан ату жаттығуларын орындау бойынша үздіктерді анықтау, әскери қызметшілердің өзіне сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы шебер меңгергені үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу мақсатында «мергендер батальоны» жарысы өткізіледі.

Қарулы күштер үздік мерген батальонын анықтап жатыр

Жарыс Құрлық әскерлері бригадаларының оқу полигондарында бөлімшелерді гарнизондардан тыс жерге ауыстырусыз өткізіледі. Құрамында тәжірибелі әскери қызметшілер бар төрешілер алқалары жарыстың жеңімпаздарын екі номинация бойынша анықтайды: біріншісі мотоатқыштар, десанттық-шабуылшы, шабуылшы батальондар, теңіз жаяу әскерлері батальондары арасында және екіншісі танк батальондары арасында. Жарыс барысында батальондардың жеке құрамына, мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін қоса алғанда, тәуліктің кез келген уақытында ауа райы жағдайларына қарамастан штаттық қару-жарақтан бақылаулық (оқу) атыс жаттығуларын және жауынгерлік даярлық пәндері бойынша нормативтерді орындау қажет. Өткен жылғы жарыстың нәтижесі Құрлық әскерлері бөлімшелерінің атыс жаттықтыру деңгейінің айтарлықтай артқанын, әскери қызметшілердің дәл көзбен көру және ату дағдысының артқанын атап өткен жөн.