Қазақстан • 28 Ақпан, 2019

Мамыр айынан бастап көпбалалы отбасыларға баспана беріледі

874 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр бүгінгі Үкімет отырысында мәлімдеді.  

 

Мамыр айынан бастап көпбалалы отбасыларға  баспана беріледі

Бүгінде республика бойынша 340 мың көпбалалы отбасы бар. Соның ішінде 28 мың отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Министр осындай мәлімет айта келіп: «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз жеті жылдың ішінде жыл сайын 6 мың жалдамалы пәтерді салып отырамыз. Сөйтіп, 2025 жылға дейін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер тұрғызылады. Сол кезде кезекте тұрған көпбалалы отбасылардың баспана мәселесі толығымен шешіледі. Биыл мамыр айында көпбалалы отбасыларға жалдамалы пәтерді беруді бастаймыз», - деді.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жер» бағдарламасын кеңейтіп, соның аясында көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салуды тапсырды. «Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылар ішіндегі аз қамтылған отбасыларға басымдық бере отырып, 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырамын. Бұл мақсатқа таяу 7 жылда жыл сайын 50 млрд теңге бөлінетін болады»,  деді Мемлекет басшысы.