Қазақстан • 28 Ақпан, 2019

Назарбаев орталығында ғылым, мәдениет және өнер саласындағы үздіктердің есімдері аталды

691 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Назарбаев орталығында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының 2018 жыл бойынша ғылым, мәдениет және өнер саласында еңбек етіп жүрген ғалым-мамандарға Сыйлық тағайындау шарасы өткізілді. Қазақстанның жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық ғылымдарын дамытуға елеулі үлес қосып жүрген ғалымдармен қатар, музыканттар және әртістер салтанатты түрде марапатталды. 

Назарбаев орталығында ғылым, мәдениет және өнер саласындағы үздіктердің есімдері аталды

Тұңғыш Президент Қорында бірігей зерттеулер мен үздік жоба авторларын анықтау дәстүрге айналған. Жас ғалымдар мен шығармашыл жастарды қолдау мақсатында                           2008 жылдан бері байқау ұйымдастырылып, лауреаттар таңдалады. Конкурс музыка, театр және сурет өнерінің, кинематография, көркем әдебиет, журналистика, физика, математика, инженерлік, қоғамдық және гуманитарлық бағыттар бойынша өткізіледі. Осы күнге дейін                   240 маман «лауреат» атанды. Бүгін тағы 18 талапшыл жас қатарды толықтырды. Нәтижесінде аталған конкурс бойынша Тұңғыш Президент Қорында 258 лауреат бар.   

Бүгінгі марапаттау шарасына ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының директоры Дариға Назарбаева, Қазақтандағы шет елдерінің төтенше және өкілетті елшілері, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, ғылым мен мәдениет қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері және т.б. қатысты.

Сыйлық тағайындау салтанатты шарасын ашу барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының директоры Дариға Назарбаева жиналған қауымды келе жатқан Алғыс айту күнімен құттықтады, лауреаттарға алғыс білдірді: «Қордың сыйлығына қатысуда белсенділік танытқан конкурс қатысушыларына алғыс айтамын. Сіздер өздеріңіздің зияткерлік, шығармашылық жұмысыңызбен рухани құндылықтардың нығаюына, ұлттық мәдениеттің дамуына атсалысып, Қазақстан имиджін халықаралық аренада нығайтып жүрсіздер, еліміздің абыройын асқақтатып жүрсіздер. Сіздерге көп рахмет! Баршаңызға денсаулық, сәттілік, қажымас қайрат тілеймін. Тұңғыш Президент Қорының сыйлығы сіздерге өзіңізге деген сенімді одан әрі нығайтып, ең биік шыңға шығуға көмектеседі. Баршаңызға денсаулық, бақыт тілеймін», - деді.