Қазақстан • 04 Наурыз, 2019

Қанат Жұмабаев: Мақсат - айқын, енді нақты нәтиже керек

1387 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған мемлекеттік саясаты әрқашан әлеуметтік жағынан бағдарланған. Экономиканың түрлі саласында іске асырылып жатқан барлық реформа халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. 

Қанат Жұмабаев: Мақсат - айқын, енді нақты нәтиже керек

Елбасы «Нұр Отан» пар­тиясының XVIII съезінде осы саясатты берік ұстанатынын және оны одан әрі жүзеге асы­руға бағытталған жаңа бас­тамаларды атап өтті. 2030 жыл­ға дейінгі «Бақуатты қоғам: он­жылдықтың 10 мақсаты» жаңа партиялық бағдарламаның басымдықтарын талқылау, азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын нығайту жөніндегі мәселелер съездің негізгі өзегі болды.

Атқарушы органдардың еңбек­ақысы төмен қызмет­кер­лерінің жалақысы өсетіні, көп балалы отбасыларға, қам­қоршыларға және мүгедек бала тәрбиелейтін отбасылар­ға төленетін жәрдемақылар­дың артатыны құптарлық әрі қуанышты жайт. Соның ішінде нақты қолдаулардың бірі – табысы төмен азаматтарымызға жеңілдетілген 2-3% жылдық мөлшерлемемен тұрғын үй заемдарының берілетіндігі. Елбасы денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй­коммуналдық саласын дамыту маңызды бағыттардың бірі екенін айтты. 

Аталған шараларды тиімді іске­ асыру қоғамдық бақы­лауды, халықпен тығыз байланыста болуды талап етеді. Мықты саяси күш ретінде «Нұр Отан» партиясына аталған бағытта ерекше жауапкершілік жүктеледі. 

Елбасы мемлекеттік органдар адамдардың мұқтаж­­дық­тарына ерекше көңіл бөлу­дің қажеттілігін айтып, халық­тың түйткілді мәселелерін қа­рау­­сыз қалдырмауға шақыр­ды. «Партияның, сондай-ақ оның өңірлік, аумақтық фи­лиалдарының, бастапқы партия ұйымдарының қызметі азамат пен мемлекеттің арасындағы көпірі болуы тиіс», деді партия Төрағасы. 

Мемлекет басшысы партия мүшелерін мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына бақылауды нығайтуға үндеді. Ол үшін партияның ҮЕҰ-мен өзара қарым-қаты­насы күшейтіледі, «Мем­ле­кеттік бағдарламалар және реформаларды іске асырудың тиімділігін бағалау және мониторинг жүргізу орталығы» құрылады. 

Осы жылы әлеуметтік сала­ға бюджеттен шамамен 45% қ­аражат бөлінетіні қойылған мін­деттердің денін шешуге мүмкіндік береді. 

Халықты әлеуметтік қолдау шараларының орындалуын қамтамасыз ету үшін «Нұр Отан» партиясының қыз­метін жан­дандыру жөніндегі Елба­сының тапсырмасын іске асыру арқылы басты мақ­сат­тарға қол жеткізіледі деп сенемін!

Қанат ЖҰМАБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры