Қазақстан • 04 Наурыз, 2019

Тақталифум Есенғұлов: Ауылды көтеру – абыройлы міндет

1013 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, «Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы бас директорының бірінші орынбасары Тақталифум Есенғұлов "Нұр Отан" партиясының тапсырмалары мен оны жүзеге асырудың жолдарын айтты.

Тақталифум Есенғұлов: Ауылды көтеру – абыройлы міндет

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бізге ауқымды міндеттер жүктеді. Біз ел экономикасын өркендете отырып, халықтың әл-ауқатын көтеруге барынша жағдай жасауға тиістіміз. Оның ішінде, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы, «Құтты мекен» жобасы аясында әрбір ауылды, әрбір елді мекенді өркендетуге байланысты тапсырма берілді. Демек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауылдық жерлерде тұратын 7,5 млн адамның жағдайын жасап, әл-ауқатын көтеруге жұдырықтай жұмыла кірісуіміз қажет. Әсіресе, әлеуметтік саланы дамыту, мектептердің жанынан интернаттар салу бүгінгі күннің талабы болып отыр. 

Енді Мемлекет басшысының тапсырмаларын ұжымымызға, сайлаушыларымызға жете таныс­тырып, нақты істерге кірісуіміз қажет. Өз басым, Президентіміз айтқан тұрғын үйлер, жолдар салып, коммуникациялар жүргізу, әлеуметтік нысандар тұрғызу, шағын және орта бизнесті дамыту ауылдық жерлердің еңсесін көтереріне күмәнім жоқ. Сондықтан да, бұл іске еліміздің әрбір азаматы, оның ішінде партия мүшелері жауапкершілікпен қарап, барынша үлес қосады деп ойлаймын. 

Тақталифум ЕСЕНҒҰЛОВ, 
«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, «Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы бас директорының бірінші орынбасары