01 Наурыз, 2019

Ұлттық арнада «Кім білгір»  бағдарламасының тұсаукесері!

1415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 наурыздан бастап «Qazaqstan» ұлттық арнасынан «Кім білгір» атты интеллектуалды телевикторина эфирге жол тартады. 

Ұлттық арнада «Кім білгір»  бағдарламасының тұсаукесері!

Ойын телевикторинасы қазақтың мақал-мәтелдерін, фразеологизмдерін пайдалана отырып, белгілі бір тақырыптарға арналған түрлі суреттер, қысқаша бейнероликтер арқылы қатысушылардың білімділігі мен білгірлігін анықтайтын болады.  

Сондай-ақ, ойын барысында қатысушылар түрлі жұмбақтар, әндер және блиц-сұрақтардың шешімін іздеп, сұрақтарға жауап беретін болады. Бағдарлама 5 кезеңнен тұрады: “1001 мақал”, “101 жұмбақ”, “Әсем ән”, “Бұл не?”, “Танисың ба?”.

Ойын викторинасына  Ұлттық арнаның тележүргізушілері, өнер адамдары мен көрермендер қатысатын болады.