Теннис • 04 Наурыз, 2019

Бублик пен Попко қарт құрлықта  жеңіске жетті

963 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарт құрлықта өткен екі бірдей халықаралық турнир Қазақстан теннисшілерінің жеңісімен аяқталды. 

Бублик пен Попко қарт құрлықта  жеңіске жетті

Францияның По қаласында өткен «Челленджер» сайысында Александр Бубликтің бағы жанды. Жүлде қоры 69 280 евроны құраған жарыстың ақтық сынында жерлесіміз словакиялық Норберт Гомбошты 5:7, 6:3, 6:3 есебімен ұтты. Бұл ­– Бубликтің биылғы маусымдағы екінші елеулі табысы. Осыдан бірер апта бұрын ғана ол Будапештегі додада бас жүлдені олжалаған болатын. 

Түркияда жүлде қоры 15 000 АҚШ долларын құрайтын ITF Futures турнирінде Дмитрий Попко топ жарды. Финалда ол америкалық Себастьян Кордадан айласын асырды – 6:4, 3:6, 6:3. Сонымен қатар отандасымыз италиялық Рикардо Белоттимен бірге жұптық сайыста да бас жүлдені олжалады. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»