Қазақстан • 04 Наурыз, 2019

«Алғысым шексіз бабаларыма!» мерекелік шарасы өтті

1137 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда Орталық мемлекеттік архивте Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара болып өтті. Елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген  жарасымды сыйластықты  және өзара құрметті дәріптеу мақсатында Алғыс айтуға Абай атындағы ҚазҰПУ  және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен магистранттары жиналды.

«Алғысым шексіз бабаларыма!» мерекелік шарасы өтті

Жиында алғысөзді алған архив директоры Арнұр Қарымсақов  «Ізет күні деп белгілеудің астарында үлкен мән бар. Елбасының елімізде «Жастар жылы» аясында деп жариялауы аса маңызды қадам болып отыр. «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын еліміздің тарихи құнды  мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауды ұсынды.

Бүгін біз орталық мемлекеттік архивінің тарихымен, ғасырлар қойнауынан жеткен құжаттармен, архив қоймаларымен таныстыруға Сіздермен  бас қосып отырмыз. Осы орайда, Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрлігіне әрқашан қазақ мәдениеті мен өнерінің  дамуына көшбасшы ретінде үлес қосқаны үшін,  Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалап, бүгінгі биіктерге жеткізген Елбасына  ерекше алғысымды білдіремін! Осынау Алғыс айту күнінде мен ең алдымен қазақ елінің егемендік пен бейбіт өмірге қол жеткізген ата-бабаларымыздың ерлігі мен рухына бас  иемін!» деп атап өтті.

Архив Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша шара  аясында Қазақстанда жасақталған 100 және 101-атқыштар бригадасының майдан жолындағы тарихын бейнелейтін «Стертые имена» атты деректі фильмі көрсетілді. Фильм «Орталық мемлекетік архивінде» сақталған «1941-1945 жылдардағы соғыс. Қазақ әскери комиссариаты. Құпиясыздандырылған құжаттар», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақастан. 1941-1945 жылдары» қорлары бойынша дайындалған. Фильмде «Өшірілген есімдер» соғыстың күңгірт тұстары, ашылмаған ақтандақтары, бригаданың жауынгерлік жолы, қанды шайқастардың куәгері болған рота командирі Сұлтан Жиенбаевтың, «Марс» операциясының қатысушысы Кәкен Әбеновтің жазған «өлім алқабы» деп тарихта қалған Ржев түбіндегі жантүршігерлік кескілескен шайқастар туралы баяндалады.

Архив директорының орынбасары Мәрзия Жылысбаева әрбір адам өз елінің тарихын білу парыз. Елін, жерін,  Отанына деген сүйіспеншілігі мол ер азамат ештеңеден қаймықпайды, сол елдің өркендеп өсуіне, гүлденуіне үлкен үлесін қосады, деп атап өтті.  

Шара барысында сонымен қатар сирек кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ұйымдастырылды. 

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ