Спорт • 05 Наурыз, 2019

Жерлестеріміз жеңіске жетті

981 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарт құрлықта өткен екі бірдей халықаралық турнир Қазақстан теннисшілерінің жеңісімен аяқталды.

Жерлестеріміз жеңіске жетті

Францияның По қаласында өткен «Чел­ленджер» сайысында Александр Бублик­тің бағы жанды. Жүлде қоры 69 280 еуро­ны құраған жарыстың ақтық сынында жер­лесіміз словакиялық Норберт Гомбош­ты 5:7, 6:3, 6:3 есебімен ұтты. Бұл  Бублик­тің биылғы маусымдағы екінші елеулі табысы. Осыдан бірер апта бұрын ғана ол Будапеш­тегі додада бас жүлдені олжалаған болатын. 

Түркияда жүлде қоры 15 000 АҚШ долларын құрайтын ITF Futures турнирінде Дмитрий Попко топ жарды. Финалда ол америкалық Себастьян Кордадан айласын асырды – 6:4, 3:6, 6:3. Сонымен қатар отандасымыз италиялық Рикардо Белоттимен бірге жұптық сайыста да бас жүлдені олжалады. 

Дайындаған

Ғалым СҮЛЕЙМЕН, 

«Egemen Qazaqstan»