Аймақтар • 05 Наурыз, 2019

Қызылордада 733-тен астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

933 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Себебі, ағымдағы жылдың 28 ақпан – 06 наурыз айының аралығында қала аумағында құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту, жолын кесу және жедел ахуалды сауықтыру мақсатында «Құқық тәртібі» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл туралы Қызылорда қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылордада 733-тен астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Басқарма басшылығы көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында, ойын-сауық және азаматтар көп шоғырланатын жерлерде мобильді патрульдер ұйымдастырып, қала жолдарында жол полиция патрульдерінің қызметін күшейтуде.

«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шараның 4 күнінде 733-тен астам қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзуға әкеп соқтырған әкімшілік құқық бұзушылықтар тіркелді.   

Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзушылық, атап айтқанда, жылдамдықты асырған  46 жүргізушіге, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарған 89 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлікті масаң күйде басқарудың 3 дерегі, тіркелмеген қаруды сақтаудың 7 дерегі, қарсы бағытқа шығудың 6 дерегі, есірткі затын сақтаудың және сатудың 6 дерегі, есірткіні заңсыз сақтаудың және сатудың 6 дерегі тіркелсе,  ұсақ бұзақылық  жасаған 73 тұлға, қоғамдық орындарда алкогольді сусындарды ішкен 154 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, шара барысында учаскелік полиция инспекторларымен ішкі істер органдарында түрлі профилактикалық есептерде тұратын 323 адам және 23 жағдайы төмен отбасылар тексеріліп, жалға берілетін  340 пәтердің заң талаптарына сай екендігі нақтыланды.

Республикалық «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық шарасы 2019 жылдың 6 наурызына дейін жалғаспақ.