8,9,10, 21-25 наурыз ресми демалыс күндері болады. «Сіздерге қолайлы болу үшін, сонымен қатар көптеген өтініштер бойынша Қошқарбаев 50/1 көшесіндегі орталық кассаның жұмыс кестесі өзгереді. 9 наурызда касса сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін толық жұмыс күнін атқарады, ал 21 наурызда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді», – делінген хабарламада.
Сәйкесінше, 8,10, 22-25 наурыз – демалыс күндері, сондықтан бұл күндері орталық мамандандырылған касса жұмыс істемейді.
Өзге мамандандырылған кассалар әдеттегідей жұмыс істейді. Көлік картасына теңгерімді қолма-қол толықтыру пункттерінде де толтыруға болады, ол жерлер мереке және демалыс күндері өздерінің әдеттегі кестесі бойынша жұмыс істейді.