Қазақстан • 05 Наурыз, 2019

Жастардың өз кәсіптерін ашуына мүмкіндіктер жасалуда

1212 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жастар корпусын дамыту жобасы арқылы 1 миллион теңге грант беріліп, жастардың одан әрі кәсіпкерлікпен айналысуы үшін мүмкіндіктер жасалуда.

Жастардың өз кәсіптерін ашуына мүмкіндіктер жасалуда

«Гранттық конкурсқа қатысу үшін жастар өздерінің бір идеяларын әлеуметтік жоба ретінде ұсынады. Әлеуметтік жоба дегеніміз – жастардың ұсынып отырған жұмысы жергілікті қоғамдастыққа пайдасын тигізу. Жастар өз өтінімдерін zhasproject.kz сайтына 15 наурыз бен 15 сәуір аралығында тіркейді де, 3 кезеңдік іріктеуден өтіп, 1 миллион теңге грантқа ие болады. Содан соң 6 ай бойы өз жұмыстарын жүзеге асырады», - деп мәлімдеді Жобаларды басқару тобының жетекшісі Гүлмира Ескендірова.

Осылайша, жастар өздерінің идеясын жоба ретінде ұсынып, 6 ай бойы жергілікті халыққа тегін қызмет көрсетеді.

«Мысалы жастар бірігіп, аз дегенде 3, көп дегенде 5 жас болып бірігіп, бір топқа жиналады, жобаларын жүзеге асырады. Нәтижиесінде 6 ай бойы жасаған жұмыстарын тегін атқарады. Шағын тігін шеберханасын ашып, 6 ай бойы жасаған заттарының барлығын жергілікті қауымдасытыққа тегін таратады. Ағылшын тілін үйрету курстары болса, 6 ай бойы ағылшын тілінен тегін үйретеді», - деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 6 айдан кейін олар жобаға қажетті барлық алған заттарын, құралдарын өздеріне қалдырып, кейін өз кәсіптерін мүмкіндіктері болады.

Тегін жұмыс жасағандары үшін жастар 40-60 мың теңге мөлшерінде ай сайын шәкіртақы алады.

Жобаның мақсаты - жастарды қоғам өміріне тарту, яғни әлеуметтің игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды қалыптастыру.