Қазақстан • 05 Наурыз, 2019

Бақтияр Мәкен: Президент тікелей елді мекендерге апаратын жол салуды тапсырды

891 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Бақтияр Мәкен таяуда өткен партияның кезекті XVIII съезі туралы пікірін білдірді.

Бақтияр Мәкен: Президент тікелей елді мекендерге апаратын жол салуды тапсырды

– Сьезде Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік саясатының жаңа басымдықтарын белгіледі.  Ол білім, денсаулық сақтау, тұрғындарды әлеуметтік қорғау сияқты тұтас бір бағыттар тізбегі. Көп балалы және күнкөрісі төмен отбасыларға қатысты кешенді тапсырмалар берді.  Осының бәрі үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді. Президент көптеген ірі инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге айрықша назар аударды.

Атап айтсақ олар газдандыру, сумен жабдықтау, тұрғын үй құрылысы, автожолдарды қалпына келтіру мәселелері.  Магистралді жолдар салынды, енді тікелей елді мекендерге апаратын жолдарды салуға кірісу керек. Шағын қалаларды дамыту тақырыбы да өте маңызды болып табылады. Сьезде 10 тармақтан тұратын партияның жаңа бағдарламасы қабылданды.

Аталған бағдарламаны табысты орындау барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Өз басым қоғамдық және партиялық іс-әрекетімнің шеңберінде тұрғындармен жұмысты жандандыра түсуге ниеттімін. «Nur Otan» партиясының кеңестері мен комиссиясының жұмыстары қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған. Мәжілістегі партия фракцияның мүшелеріне заң шығарушылық қызметіне  байланысты үлкен жұмыс жасап, заң жобаларындағы көптеген ережелерді қайта қарауға тура келеді.