Аймақтар • 05 Наурыз, 2019

Ақпанда ҚТЖ желісінде жүк айналымы 1,5% өсті

1140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың ақпанында жүкайналымы 17 млрд. тонна-километрді құраса, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5% артық.

Ақпанда ҚТЖ желісінде жүк айналымы 1,5% өсті

«ҚТЖ» ҰК» желісіндегі тиеу 19 млн тонна болды.

Таскөмірді тиеу 2,4% асты және 8,6 млн тоннаны құрады. Еліміз ішінде 6,4 млн тонна қатты отын тиелсе, бұл өткен жылғыдан 2,6% көп.

Астық 1 млн тонна тиелсе, бұл өткен жыл ақпанындағы деңгейден 1,7% жоғары. Экспортқа 834 мың тонна астық жөнелтілсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,2% көп.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың ақпанында 956 мың тонна құрылыс материалдары, 284 мың тонна қара метал және 1,8 млн тонна темір рудасы тиеліп отыр.