«Біздің мақсат - бағалау жүйесін объективті, ашық, түсінікті, қолжетімді ету. Ең бастысы, осы жүйе менің нені білетінімді немесе білмейтінімді түсіну мүмкіндігін беруі тиіс. Осы тұрғыда Ұлттық бірыңғай тестілеуді қарастыру керек», министр.
Оның сөзіне қарағанда, әзірге, ҰБТ бойынша түбегейлі өзгерістер жоспарланып отырған жоқ.
«Бүгінде тиісті өзгеріс енгізу бастамасын көтеріп отырған жоқпыз. Қазіргі кезде процесс жүріп жатыр, біздің балаларымыз мектепті тәмамдап, ҰБТ-ны тапсыруға келеді. Сондықтан балаларды стрестік жағдайға итермелеудің реті жоқ. Дегенмен де біз сұрақтардың мазмұнын жетілдіру аясында жұмысты жалғастырамыз», деді Күләш Шәмшидинова.