Қазір партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қарап отырсақ, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» мен Елбасы Жолдауынан бастау алатын еліміздің әлеуметтік саясатына басымдық берілген. Оның ішінде, көп балалы отбасыларды қолдау, әлеуметтік көмек мұқтаж санатындағы азаматтарды қолжетімді баспанамен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау мен сауықтыру кеңірек қамтылған.
Мемлекет басшысы кезекті съезде берген тапсырмалар еліміздегі әрбір отбасының, Астанаға елеңдеп жағымды хабар күткен әр шаңырақтың мүддесіне сай келеріне сенімдімін. Атап айтқанда, көп балалы отбасыларға көрсетілетін көмек, жалақының көтерілуі сияқты мәселелер өңірлерде жиі айтылып жүр.
Бүгінде «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы мүшелерінің 90 пайызы Ақтөбе қаласының тұрғындары. Бізде әрбір ірі мекеме жанында партияның бастауыш ұйымдары белсенді жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта да Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партия съезіндегі тапсырмаларын мүлтіксіз және тиянақты орындауға бар күшімізді саламыз.
Ілияс ИСПАНОВ,
«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі