Сайттың хабарлауынша, бұл өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 1,2 пайызға көп. Сондай-ақ жолаушылардың 75,5 пайызы автобусқа мінгенді жөн көрген екен. Ал таксиді таңдағандар саны 441,2 миллион адамға жеткен.
Ranking.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, таяуда такси қызметі ретке келтірілмек. Атап айтар болсақ, арнайы рұқсатсыз жолаушы тасымалдаумен айналысатындар айыппұл ғана төлемейді. Тіпті, оларды көліктерінен айыруы мүмкін.
Сонымен қатар, 2019 жылғы 1 сәуірден бастап такси жүргізушілері фискалды чек беруге міндетті. Бұдан бөлек, интернет арқылы жұмыс істейтін такси қызметі де қатаң қадағалауға алынады.