Күн тәртібінде Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның кезекті XVIII Сьезінде берген тапсырмаларын кеңінен насихаттау мәселесі қаралды.
«Елбасымыз Қазақстанның дамуына жаңа дем беретінін айтты. Сьезде партияның алдағы 10 жылға арналған бағдарламасы қабылданды. Онда көп балалы отбасыларға, кембағал жандарға және зейнеткерлерге берілетін жәрдемақы көлемін ұлғайту мәселесі қаралған. Жұмысшылардың жалақысын көтеріп, елді баспанамен қамту, экономиканы цифрландыру және жастарға сапалы білім беру жайыттары да назардан тыс қалмаған» - деді Бақыт Насырханұлы.
Жиын барысында «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII сьезінің делегаты, аудандық партия филиалының Саяси кеңес Бюросының мүшесі, А.Қалыбеков ауылдық округінің әкімі Молдабек Битеміров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, партия ардагері Сейітбек Оңғаров, Мақтарал ауылдық округі әкімінің орынбасары Жұмаділла Жораевтар баяндама жасады. Сондай-ақ, партия қатарына жаңадан қабылданған аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Сүндет Кенжебаевқа аудан басшысы партиялық билетті тапсырды.