Облыс жастары, студенттер мен жас ғалымдар қатысқан кездесуде сенатор Парламент жоғарғы Палатасының заң шығару қызметімен таныстырып, қабылданып жатқан заңдар және жастар саясатына қатысты мемлекеттік бағдарламалар туралы жан-жақты айтып берді.
Жүздесуге қатысқан жастар «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын іске асыру барысында туындайтын тұрғын үй мәселелері мен «Серпін» әлеуметтік бағдарламасындағы жұмысқа орналасу мәселелері туралы сауалдар қойып, өз ойларын ортаға салды. Депутат қойылған сауалдарға жауап беріп, жастардың алдында тұрған биік міндеттерге тоқталды және жастарды ел игілігі жолында аянбай еңбек етуге шақырды.