Аймақтар • 06 Наурыз, 2019

Қостанай облысының теміржолшылары жеке қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етілді

950 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай көлік прокуратурасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ — «Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесі» жұмысшыларының еңбек құқықтарының бұзылғанын анықтады. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай облысының теміржолшылары жеке қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етілді

Тексеру іс-шаралары теміржолшылардың жеке қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен тиісті түрде қамтамасыз етілмегенін көрсетті.

Шуға қарсы құлақшалар, диэлектрлік қолғаптар, эрозольға қарсы респираторлар мен қорғаныс көзілдіріктері сияқты жеке қорғану құралдары еңбектенушілердің 32%-на ғана берілген.

Қызметкерлердің 21%-ы ғана костюм, етік, қолғаптар және сигналдық кеудешелермен, басқа да арнайы киіммен қамтамасыз етілген.

Прокурорлық қадағалау шараларымен 3697 жұмысшыға жеке қорғаныс құралдары мен арнайы киімдер берілді.

Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету ережелерін бұзғаны үшін заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар