Өнер • 06 Наурыз, 2019

Өлкетану мұражайында алып гүлдер көрмесі ашылды

1769 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Гүлдердің дизайнерлік алып макеттері. 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында шаһарымызда ерекше шара ұйымдастырылды. Нәзік жандылардың құрметіне орай Қарағанды облыстық өлкетану мұражайында «Гүлдер ертегісі» көктемгі көрмесі ашылды.

Өлкетану мұражайында алып гүлдер көрмесі ашылды

- Көктемнің алғашқы айында қарағандылықтар мен қала қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйламақ ниеттеміз,дейді шараның ұйымдастырушысы Виктория Конова.

Мұражай залы түгелдей алып гүлдермен безендірілген. Әр жерде орналасқан фотоаумақтар қызыл көкнәр, інжугүл,бәйшешек,раушан,түймедақ, алтын анемон гүлдерімен көмкерілген.

- Көрмеде әртүрлі гүлдерді тамашалай аласыздар. Мұнда түрлі тақырыптағы 13 фотоаумақ бар. Тіпті көкнәр гүлдерімен көмкерілген ұлттық нақыштағы және балаларға арналған аумақты да көре аласыздар. Көрмеге келушілерге қалаған декорацияларда суретке түсуге мүмкіндік берілген, дейді Виктория Конова.

Көрме авторының айтуынша, алып гүлдер экологиялық таза пенополиэтиленнен жасалған. Есесіне, мұндай сұлулық солмайды,әрі бастапқы қалпын сақтап,ұзағынан көзайым болады. Ал шаң басқан жағдайда жапырақтары мен гүлдерді сүртіп алуға да болады.

- Бұл экологиялық таза,әрі қауіпсіз материал. Біз шикізатты алдымен қыздырып аламыз. Кейін қажетті пішінді жасап алып, керек түске бояймыз. Біздің гүлдермен түрлі іс-шаралардағы фотоаумақтарды, тіпті үй интерьерін безендіруге болады. Сұраныс жоғары. Қазір жанып тұратын гүлдеріміз де бар. Оларды жарық шам ретінде де қолданып жүр,дейді Виктория Конова. 

Көрме 31 наурызға дейін жалғасады. Келушілерге өлкетану мұражайының есігі күн сайын сағат 10.00-19.00 аралығында ашық. Ересектерге кіру билеті 500 теңге, балаларға 300 теңге тұрады. Ал, 3 жасқа дейінгі балғындар алып гүлдерді тегін тамашалай алады.