Қазақстан • 07 Наурыз, 2019

«Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері»

1129 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігі Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтымен бірлесе шығарған туындының тұсауы кесілді. «Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері» деп аталатын кітаптың тұсаукесеріне Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Академия ректоры Фатима Жақыпова, Дипломатия институтының директоры Мариан Әбішева, дипломатиялық қызмет ардагерлері, кітап кейіпкерлері мен болашақ дипломаттар қатысты.

«Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері»

Қазақстандағы Жастар жы­лы аясында қолға алынған жинақта жас дипломаттар берген сұхбат­тар топ­тастырылған. Онда кі­тап кейіпкерлері дипломат ма­мандығын неге таң­дағаны туралы өз әңгіме­лерімен, дип­лома­тиялық қыз­мет өмірінен алынған ес­те­ліктері және қызықты сәт­тер­­­мен, сондай-ақ болашақта елі­­­міз­дің сыртқы саясатына қа­­тыс­ты көзқарастарымен бө­ліс­кен.

Шарада құттықтау сөз алған Сырт­қы істер министрінің орынбасары Р.Василенко: «Үнемі өзгеріп отырған қоғамда жаңа тенденциялар алдыңғы қатарға шығады. Осы орайда жаңа мүмкіндіктерді игерген, өзгеше идеялы, заманауи та­лаптарға сай жастар – жаңа Қа­зақстанның болашағы. Барлық жоғары оқу орындарындағы дипломатия саласы мамандарының сапалы болуы бізге аса маңызды. Өйткені олар Қазақстан мен шетелдер арасындағы алтын көпір бола алуы тиіс. Сондықтан бұл кітап бүгін және болашақ үшін құнды дүние болады», деді. 

Соғыстардың не себепті жү­­ріп жатқандығы және оларды болдырмау үшін не істеу керектігі туралы сұрақтар ма­за­лайтын кітап кейіпкері, Қа­зақ­станның Сингапурдағы ел­шілігінің бірінші хатшысы Айнұр Өзбекова: «Әрбір қазақ­стандық дипломаттың патриот­тық сезімі өте мықты болуы керек, өз елінің қалыптасу тарихын білуі тиіс, халықаралық аренадағы ұлттық мүдделерді тиімді насихаттау үшін барлық жағдайды жасауы қажет», дейді. 

Кітаптың тұсаукесері барысында дипломатия саласындағы тә­жі­рибелі әрі майталман мамандар мен жас талапкерлер өзара пікір алмасып, еркін тал­қылау жүргізілді.

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»