Аймақтар • 07 Наурыз, 2019

Астаналық өрт сөндірушілер ЖҚС-дағы жарылыстың бетін қайтарды

982 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД-нің жеке құрамынан 14 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астаналық өрт сөндірушілер ЖҚС-дағы жарылыстың бетін қайтарды

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметінде мәлімдегендей, кеше орталық өрт сөндіру қызметінің «101» нөміріне Қорғалжын тасжолы, 6 мекен жайындағы «Синойл» ЖҚС-да өрт орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын.

Оқиға орнына бірден өрт сөндіру қызметінің кезекші бөлімшелері жөнелтілген. № 3 МӨСБ келісімен ЖҚС аумағында «КIA Sportage» маркалы автокөлік жанып, жалын жанармай құю құралына ауысып жатқанын байқаған. № 3 МӨСБ кезекші өрт сөндіру қызметінің кәсіби және жедел әрекетінің арқасында өрт дер кезінде өшірілді. Жақын жерде тұрған өзге де көліктер қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Астана қаласы ТЖД-нің хабарлауынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамның 14 маманы және 5 арнайы техника жұмылдырылды.