Қазақстан • 07 Наурыз, 2019

Атырау қаласының кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел өтті

900 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде өрт-техникалық тексеріс жүргізу барысы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөнінде Атырау қаласының кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және
профилактикалық қызмет басқармасы хабарлады.

Атырау қаласының кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстелге қалалық ТЖБ, кадр бөлімі, өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелді өзіндік қауіпсіздік тобының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі А. Иманов ашып, өз сөзінде қатысушылардың назарын өткізіліп отырған кездесудің маңыздылығына аудартты. Сонымен қатар шақырылған кәсіпкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және алдын алуға қатысты негізгі тұстарын атап өтіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлықпен күресуде көмектескен тұлғаларды көтермелеу қағидасын түсіндірді.

Бұдан басқа дөңгелек үстел барысында бұндай кездесулер мен сыбайлас жемқорлық қылмысы және құқық бұзушылық жөніндегі профилактикалық іс-шараларды өткізудің маңыздылығы атап өтілді.

Бұдан әрі ӨҚСБПҚБ бас маманы Т. Сатекенов өрт-техникалық тексеріс жүргізу барысы туралы сөз алып, бақылау және қадағалау органы тексеру жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тексерудің басталған күні мен тексеру жүргізудің нысанасын көрсете отырып, бақылау және қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке адамды) тексерудің басталғаны туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

Жоспардан тыс тексеру тәртіп бұзушылықтардың тікелей жасалған сәтінде жолын кесу қажеттігіне байланысты жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.

Бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті тұлғасына, жеке тұлғаға) тексеруді тағайындау туралы актіні тапсырған күн, сондай-ақ субъектіні тексеруге жататын талаптардың тармақтарын көрсете отырып, тексеру парағымен таныстыру тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.

Заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға бас тарту себебін жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеруді жою үшін негіз болып табылмайды.

Әрбір өрт-техникалық тексерудің негізін айқындық, ашықтық және заңдылық құрайды. Сондықтан азаматтар өз құқықтарын білуге және тексеру заңнамада белгіленген оң жақ өрістің шеңберінде өтетініне көз жеткізуге міндетті екенін айтты.

Кәсіпкерлер қатысушылардың баяндамаларын зор ықыласпен тыңдап, сұрақтарын қойды және тақырып аясында жан - жақты пікірлесу болды.