«Біз – бір командамыз!» дейді «Altay» волейбол клубының арулары

«Алтайдың» арулары. Соңғы үш-төрт жылдың көлемінде еліміздегі спорт комментаторларының ауыздарынан тамсануға толы осы тіркесті жиі еститін болып жүрміз. «Алтайдың» арулары деп отырғанымыз, Сәкен Қалымов шырқайтын «Алтайдың ар жағынан келген ару» емес, өзіміздің, Алтайдың бер жағындағы спортшы аруларымыз. Нақтырақ айтсақ, соңғы үш жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанып, қарсылас шақ келтірмей жүрген «Altay» волейбол клубының қыздары.

Егемен Қазақстан
08.03.2019 664
2

Қазақстанның үш дүркін чемпионы

Әйелдерден және ерлерден құралған «Altay» волейбол клубы Өскеменде 2015 жылдың күзінде облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен құрылған-ды. Бір жағынан өңірдегі волейбол спортын жаңа белеске көтеру, жергілікті спортшылардың талант көзін ашу, екінші жағынан Алтай брендін әлемге насихаттау, паш ету мақсатында ашылған клуб бүгінде көздеген межеге батыл қадаммен келе жатқанын ешкім жоққа шығара қоймас. «Сол жылы (2015) «Altay»-дың ерлер құрамасы да, әйелдер құрамасы да Қазақстан чемпионы болып, Шығыс Қазақстанның волейбол тарихында тұңғыш рет жеңімпаз атанды. Қазіргі уақытта «Altay» волейбол клубының қыздары еліміздің үш дүркін чемпионы. Екі рет Қазақстан кубогын, осынша мәрте Суперкубокты жеңіп алды. 2017 жылы аймақ басшысының ұйытқы болуымен Өскеменде алғаш рет клубтық Азия чемпионаты өтті. Онда қыздарымыз төртінші орыннан көрінді. Былтыр Қытайда жалауы желбіреген клубтық әлем чемпионатында «Алтайдың» арулары дүние жүзінің таңдаулы командаларының арасында 5-орын иеленді», дейді «Altay» волейбол клубының директоры Мархат Шыныбаев.

Сана және оның сіңлілері

8 наурыз мерекесі қарсаңында алтайлық волейбол шеберлерімен кездесіп, жаттығу барысын кө­ріп, емен-жарқын әңгіме-дүкен құ­руды жоспарлаған едік. Алайда, жос­парымыз орындалмады. «Al­tay» волейбол клубының қыздары Қы­зылжарға жарысқа кетіпті. Де­сек те, жарыс арасында ұялы телефон арқылы байланысқа шығып, аз-кем сұхбат алуға тырыстық.

«Altay» қыздар волейбол клу­бының капитаны, шабуылшы Сана Анарқұлованы бұрын теледидардан немесе Өскеменде ара-тұра өтетін жарыстардан көріп, әр соққысын құдды өзіміз соққандай тамсанып: «Міне, қазақ қызы! Бәрекелді! Қалай-қалай ойнайды өзі» деп тақымымызды қысып отырушы едік. Расында, ол кезде ұлттық құрамада үнемі көзімізге жалғыз Сана ғана түсіп, оттай басылатын. Қазір Сананы облыс орталығындағы жарыстар немесе жаттығу кездерінде күнде болмаса да айына бір-екі мәрте көріп қаламыз. Волейболдағы сіңлілерінің санының артып келе жатқанын да байқаймыз. «Өскемендік клуб атынан өнер көрсетіп жатқаныма үш жылдай уақыт болыпты. Шығысқа үй­реніп, бауыр басып қалдым десем де болады. Көпшілік бізден: «Сіздер соңғы үш-төрт жыл­да қарсылас шақ келтірмей жүр­сіздер. Мұның сыры неде?» деп таңғалып сұрап жатады. Мен айтар едім, мұның сыры – ең әуелі біздің команданың тұтастығында, береке-бірлігінде. Екіншіден, облыс әкімдігі, спорт басқармасы ойыншыларға барлық жағдайды жасап отыр. Үшіншіден, әлемдік деңгейдегі волейболшылармен бір командада ойнап жатырмыз. Мұның да әсері көп. Төртіншіден, бап­керлер құрамы мықты. Осы­ның бәрі біздің нәтижелі ойын өр­негін көрсетуімізге ықпалын тигізіп жатқаны анық», дейді команда көшбасшысы.

Біреу білер, біреу білмес, «Altay» қыздар волейбол клубы «Altay», «Altay 2», «Altay 3» және «Altay 4» деген командалардан құралған. Соңғы екеуі алдыңғы екеуінің дублері, яғни ізбасарлары екені айтпаса да түсінікті шығар. Бір қуанарлығы, «Altay 2», «Altay 3», «Altay 4» командаларында Сананың сіңлілерінің қатарының көбейіп келе жатқандығы. Соның бірі – «Altay 2» командасының шабуылшысы, Семей қаласының тумасы Мөлдір Жақсыбаева. «Клуб қатарына қосылғаныма алты маусым болды. Осы уақыт аралы­ғында көп нәрсені үйрендік. Шебер­лігіміз шыңдалып келеді. Әсі­ресе шетелдік волейболшы­лар­дан талай дүниені үйрендік. Олар ойын кезінде психологиялық тұр­ғыдан жақсы көмек береді. Бір­деңені дұрыс істемей жатсаң айтып түсіндіреді. Жалпы, шетел­дік спортшылармен тәжіри­бе алмасқаннан ұтпасақ, ұтылмай­ты­нымыз анық», дейді ол.

Жарма ауданы Қалбатау ауы­лының тумасы Самал Иб­раева «Altay 3» командасында жа­пон бапкері Шуто Коичидің қа­ра­мағында жаттығады. Самал Өс­кемен­дегі спорттағы дарынды ба­ла­ларға арналған интернатқа 8-сы­ныпта қабылданған екен. «Біз­дің бас бапкеріміздің жаттық­тыру мә­не­рі өзгеше. Таңғы 5 жарымнан бастап жаттықтырады. Соның нәтижесі де шығар, көп­­теген жетістіктерге жетіп жа­тыр­­мыз. Таиландта өткен 17 жас­­қа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатына қатыстық. Жа­понияға барып, шеберлігімізді шыңдадық», дейді бойжеткен.

Шеберлікті шыңдайтын – шетел ойыншылары

«Altay» қыздар волейбол клубында шетелдік спортшылардың өнер көрсететіні де белгілі. Клуб директоры Мархат Шыныбаев қазіргі уақытта «Altay» және «Altay 2» командаларында әлем чемпионы Сильвия Попович, Матея Икич, Әзербайжан ұлттық құрамасының мүшесі Наталья Маммадова мен Бояна Радулович секілді мықты волейболшылардың ойнап жатқанын айтады. Қызыл­жарда жарыста жүрген Бояна­мен ұялы телефон арқылы сөй­ле­с­кенімізде клуб құрамына алын­ғанына екінші маусым болғанын, алғаш Өскеменге келген жылы тоңып, біріне-бірін қабаттап, екі күртешемен жүргенін, қазір қалаға да, серіктес ойыншыларға да бой үйретіп, тіпті командаластарының көпшілігімен дос болып кеткенін айтады. «Командамыз өте ұйым­шыл, тату. Отбасым сияқты көремін. Өз Отаныма қысқа уа­қытқа демалысқа барған кезде олармен телефон арқылы жиі хабарласып тұрдық. Мен бұған дейін көптеген елде ойнадым. Бірақ ондағы команда мүшелерімен мұндай жылы қарым-қатынас болған емес. Алтайдың ақкөңіл қыздарын ерекше жақсы көріп кеттім. Осы жақтан кеткен күннің өзінде олармен араласып, сыйласып тұратыныма еш күмәнім жоқ. Волейбол – командалық ойын. Бірің бәрің, бәрің бірің үшін жан алысып, жан берісіп ойнамасаң нәтиже болмайды. Командадағы ең маңызды дүние – осы.  «Altay» қыздарында осы дүние бар. Бірлік бар, түсіністік бар, ынтымақ бар. Біз – бір командамыз, біз – біртұтаспыз», дейді ол. 

Азамат ҚАСЫМ,

«Egemen Qazaqstan»

ӨСКЕМЕН

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.03.2019

Б. Сапарбаев жұмыскерлердің лайықты жалақы алу құқықтарын қорғауды ұсынды

19.03.2019

Елімізде «Еңбек омбудсмені» институты құрылады

19.03.2019

Б.Сапарбаев: Жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету керек

19.03.2019

Польшада Қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді

19.03.2019

Ел экономикасында 6,6 миллионға жуық жалдамалы жұмыскер жұмыс істеп жатыр

19.03.2019

Былтыр 39 мыңнан астам өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды

19.03.2019

Петропавлда қоғамдық көліктерде ерекше акция өтіп жатыр

19.03.2019

Теннистен АҚШ-та Мастерс турнирі басталады

19.03.2019

Нұрберген Жұмағазиев: Бізге өз мықтылығымызды дәлелдейтін кез жетті

19.03.2019

Қазақстандық гимнастар Дохадағы әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды

19.03.2019

Шорт-тректен Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

19.03.2019

А.Мамин: 1 мамырдан бастап баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасыларға пәтер бөлуді бастаймыз

19.03.2019

Кешірілген өсімпұл көлемі 587 миллионға жетті

19.03.2019

Былтыр 1568 адам өндірісте жарақат алған

19.03.2019

Шымкентте қызғалдақтар гүлдеді

19.03.2019

Базалық лауазымдық қызметақыны кезеңімен өсіру қажет – Б.Әбдірайым

19.03.2019

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» қоғамдық қоры кімдерге көмек көрсетеді?

19.03.2019

Ерік Асқаров атындағы жас ақындар мектебі ашылды

19.03.2019

Өткен тәулікте қаладан 15,8 мың текше метрден астам қар шығарылды

19.03.2019

«Соғыс пен бейбітшілік» романы француз тілінде сахналанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу