Қазақстан • 11 Наурыз, 2019

ҚТЖ: 30-ға тарта шаюға қарсы пойыз құрылды

1008 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміржолшылар пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін көктемгі су тасқынына белсенді дайындалуда. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

ҚТЖ: 30-ға тарта шаюға қарсы пойыз құрылды

Жергілікті атқарушы органдары мен төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалармен бірлесіп теміржолшылар тасқынды су өтетін аймақтардағы барлық инженерлік құрылғыларды мұқият қарап шықты. Теміржол төсеніштеріне жақын орналасқан су қоймалары мен плотиналар тексерілуде.

Көлік құралдары, дрезиналар, автотракторлық техника толықтай дайындыққа келтірілді. Жанар-жағу майының апаттық қоры құрылды.

Суөткізу тұрбаларын, көпірдің технологиялық тесіктерін қоқыстан, мұздан және қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте 6 мыңнан астам құрылыстар аршып алынды.

Қазіргі таңда кондициялы емес темірбетон шпалдарымен, рельс пакеттерімен, кесек тастармен жабдықталған 30 тарта шаюғақарсы пойыздар құрылды. Қажетті жағдайда желі қызметінің жұмысшылары қысқа мерзім ішінде жолдарды қалпына келтіреді және пойыздардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде 42 шаюға қарсы пойыз жасақталады.

Тасқын су басқан жағдайда жауапты тұлғалардың тәулік бойғы кезекшілігі, қосымша аралаулар және жан-жақты айналып тексерістер болады.