Қазақстан • 12 Наурыз, 2019

Франция және Испаниямен стратегиялық ынтымақтастықты нығайту жоспарлары талқыланды

1008 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Филипп Мартинэні және Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Давид Карриедоны қабылдады. Орын алған кездесулер екіжақты саяси қатынастардың ағымдағы күн тәртібі бойынша «сағат теңестіру», сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықтағы еуропалық технологиялар және инвестицияларды одан әрі тартуды көздейтін жаңа жобаларды талқылауға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша әзірлену үстіндегі жаңа Стратегиясы жөнінде егжей-тегжей пікір алмасу орын алды.

Франция және Испаниямен стратегиялық ынтымақтастықты нығайту жоспарлары талқыланды

Француз дипмиссиясының басшысымен кездесу барысында, тараптар ҚР мен ФР арасындағы ынтымақтастық мәселелерінің барлық кешенін одан әрі дамытуды, сондай-ақ Франция Президенті Эмманюэль Макрон және Еуропа және Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианның Қазақстанға сапарларын әзірленуі талқыға салынды. 2018 жылдың қазан айында Брюссельде орын алған АСЕМ саммитінде екі мемлекет басшылары француз көшбасшысының осы жылдың екінші жартысында Қазақстанға сапармен келуі жайлы уағдаластыққа қол жеткізілгені мәлім.

Франция Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды стратегиялық серіктесі болып табылады. «Елдеріміздің көшбасшылары ынтымақтастықтың басым салалары ретінде ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергетика және цифрлық технологияларды белгіледі. Біздің өзара әрекеттесуіміз жаңа серпін алатындығына кәміл сенемін» деді Б. Атамқұлов.

Ф. Мартинэ Астанамен қарым-қатынастың үдемелі дамуы өңірдегі француз дипломатиясының басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Елші мәдени-гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша өз жоспарларымен бөлісті.

Д. Карриедомен кездесу барысында тараптар қазақстан-испан қатынастарының күн тәртібін талқылады, сондай-ақ алдағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын белгіледі.

2017 жылы маусым айында өткен Испания Королі Фелипе VI-ның Астанаға сапары және оның Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер Испаниямен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың барлық кешенінің ілгермелі дамуына жаңа серпін беріп, сондай-ақ испан корольдік отбасымен дәстүрлі сенімді қатынастардың сипатын растағанын аталып өтілді.

Тараптар өзара мүдделікті білдіретін барлық бағыттар бойынша екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниеттерін растады.

Сыртқы істер министрі 2019 жылғы 19-20 наурыз аралығында Испания астанасында қазақстандық және испандық компаниялардың қатысуымен өтетін бизнес-форум экономиканың түрлі салаларында жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жол ашатынына үмітін білдірді. Цифрландыру, инфрақұрылымдық жобалар, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетудің кең әлеуеті аталып өтілді.

Тараптар 2019 жылы наурызда Мадридте өтетін Қазақстан және Испания Сыртқы істер министрліктері арасындағы кезекті саяси консультациялары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі және жаңа тетіктері шеңберінде көп жоспарлы өзара әрекеттесуді одан әрі дамытуға келісті.