Қазақстан • 13 Наурыз, 2019

Қант қызылшасын өсірушілердің қарызы толығымен өтеледі

1131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Көксу ауданындағы «Көксу» қант зауыты өңір диқандарына берешегін сәуір айына дейін толықтай өтейді.

Қант қызылшасын өсірушілердің қарызы толығымен өтеледі

Жақында осы зауыттың қант қызылшасын өсірушілер алдындағы қарызы 600 млн теңгеден асып, шаруалар тиісті өтемақыларын алмай отырғаны жайлы ақпарат тараған еді. Алаңдаушылық білдірген диқандар көктемгі егістің мерзімі жақын қалғандықтан, тиісті қаражат қолға тимесе тұқым мен тыңайтқыш сатып алудан қиналатындықтарын айтқан еді. Алдайда, облыс әкімдігі шаралардың алаңдауына негіз жоқ деп сендіреді.

- Алматы облысында көктемгі егіс науқаны сәуір айынан басталады. Осы мерзімге дейін «Көксу» қант зауыты шаруа қожалықтарына берешегін толық төлеп, жаңа жұмыстың басталуына жағдай жасайды. Мәселе облыс әкімінң бақылауында. Қант қызылшасын өсіру біздің аймақ үшін стратегиялық мақсат болып отыр. Сондықтан қызылша өсірушілердің алаңдауына негіз жоқ, - дейді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы