Қаржы • 14 Наурыз, 2019

Парламент Мәжілісі 2019 жылға арналған бюджет параметрлері болжамын нақтылауды қарады

973 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, болжам шеңберінде 2019 жылға арналған базалық параметрлер бұрын мақұлданған деңгейде сақталды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент Мәжілісі 2019 жылға арналған бюджет параметрлері болжамын нақтылауды қарады

Мұнай бағасы – бір барреліне 55 АҚШ доллары;

Теңге бағамы – бір АҚШ доллары үшін 370 теңге;

Жылдың инфляцияның нысаналы дәлізі – 4-6%.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығының, құрылыстың, сауданың, көлік және қоймалаудың өсу болжамы сақталды.

2019 жылғы ЖІӨ нақты өсімі 3,8% деңгейінде бағаланып отыр.

2019 жылғы номиналды ЖІӨ 64,3 тлрн теңге көлемінде болжануда, бұл бұрынғы бағалаудан 323,5 млрд теңгеге артық. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 9 409 АҚШ долларын құрайды.

Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде 2019 жылғы бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланды.

Республикалық бюджеттің кірісі 2019 жылы 7,0 трлн теңгекөлемінде бағаланады. Бұл бекітілген жоспардан 200,4 млрд теңгеге жоғары.

Негізгі өсім ҚҚС, шикі мұнайға салынатын ЭКБ, сондай-ақ салықтан тыс түсімдерден болмақ.

Мемлекет басшысының жаңа бастамаларын (Қазақстан халқына жолдаулары мен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берілген тапсырмалары) қаржыландыру үшін 2019 жылы мынадай өзгерістер ұсынылып отыр:

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті 250 млрд теңгеге ұлғайтып, 2 450 млрд теңгеден 2 700 млрд теңгеге жеткізу;

тапшылықты ЖІӨ-нің 1,5%-інен 2,1%-ке дейін ұлғайту.

Сондай-ақ Тікелей инвестициялар қорын құру үшін Ұлттық қордан 370 млрд теңге мөлшерінде нысаналы трансферт қарастырылған.

Мұнайдан тыс тапшылық 2019 жылы ЖІӨ-нің 8,4%-інен аспайды.

Республикалық бюджеттің шығысы бекітілген көлемге қарағанда 1,2 трлн теңгеге ұлғая отырып, 11,9 трлн теңге көлемінде болмақ.

Бұл ретте, түсімдер мен пайдалануды ескергенде Ұлттық қордың таза түсімдері жағымды болады.