Саясат • 15 Наурыз, 2019

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Атамекен» палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

1128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі жақ елордамыздағы кәсіпкерлерге тіл саясатын насихаттау жұмыстарын жандандыруды көздеуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Атамекен» палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Кеше Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Меморандумның мақсаты – тіл саясатын елордамыздағы кәсіпкерлерге насихаттау жұмыстарын жандандыру, заң талаптарын түсіндіру шараларын бірлесіп атқару», – делінген мәлімдеді ведомствода.