15 Наурыз, 2019

Ауыр көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды

906 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақмола облысында шектеулер 23 наурыз бен 1 мамырға дейін енгізіліп отыр деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ауыр көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды

Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 бұйрығымен жыл сайын көктемгі мезгілде дара білікке жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін хабарлайды.

Осы шектеулер V жол-климаттық аймағында (Алматы обл., Атырау обл., Жамбыл обл., Қарағанды обл. (Жезқазған өңірі), Қызылорда обл., Маңғыстау обл., Оңтүстік Қазақстан обл.) - тиісті жылдың 1 наурызынан 1 сәуір аралығында, IV жол-климаттық аймағында (Ақмола обл., Ақтөбе обл., Шығыс Қазақстан обл., Батыс Қазақстан обл., Қарағанды обл. (Қарағанды өңірі), Қостанай обл., Павлодар обл., Солтүстік Қазақстан обл.) – осы жылдың 23 наурызынан 1 мамыр аралығында әрекет етеді.

Өз кезегінде шектеулер жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын, төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларын, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді, азық-түліктерді, жолаушылар мен багаж, дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын және қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына таратылмайды.

Осыған байланысты, автокөлік құралдарының параметрлері рұқсат етілген параметрлерден асқан жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат бланкілерін алу қажет.

Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша байланыс телефоны: 8(7172) 54-61-34.