Қазақстан • 18 Наурыз, 2019

Елге ел қосылса – құт

816 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы жылдары Қызылорда облысының халқы 1,4 пайызға өсті.

Елге ел қосылса – құт

Биылғы жылы облыс тұрғындарының саны 795,3 мың адамға жеткен. Оны әрі қарай жіліктер болсақ, қалалықтар саны 352,5 мың адам болса, ауылдықтар саны 442,8 мың адам болған.

Деректер бойынша 2019 жылғы қаңтардағы көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан 3426 адам кетіп, облысқа 3304 адам келді. 2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 7,8%, ал облыстан кеткендер саны 9,4% азайған.

Алыс және жақын шет елдерден 1 адам (2018 жылғы қаңтарында – 2 адам), республиканың басқа облыстарынан 840 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 780 адам келген болатын.

Облыстан 955 адам немесе жалпы көлемнің 27,8% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2018 жылғы қаңтарында тиісінше 983 адам немесе 25,9% кеткен болатын).

Алыс және жақын шет елдерге 8 адам, ал 2018 жылдың қаңтарында 1 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2019 жылдың қаңтарында 115 адамға, 2018 жылғы қаңтарында 203 адамға кему қалыптасқан.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы