20 Наурыз, 2019

Мың алғыс Сізге, Тұңғыш Президент!

1291 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мың алғыс Сізге, Тұңғыш Президент!

Алмағайып кезеңде тәуелсіз Қазақстанның негізін қалап, әлемдік кеңістікте өзіндік орнын айшықтап берген Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі қаншалықты зор екені баршаға белгілі. Менің және замандастарымның бақытты балалық шағы, қамсыз жастығы Нұрсұлтан Әбішұлының президенттік кезеңімен тұспа-тұс келді. Бұл – зор мақтаныш әрі мерей.

Мен мұнайлы аймақ Атырауда туып-өстім. Бала күнімнен мұнайшы болуды армандадым. Мек­теп бітіргеннен кейін қалаған мамандығым бойын­ша білім алып, еңбекке араластым. Қазір отан­дық «Ембімұнайгаз» мекемесінде жұмыс істей­мін. Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында, мем­ле­кеттік бағдарламаларда энергетика саласын дамыту­дың  басым бағыттарын атап көрсетеді. Аты­рауға келген сапарында біздің кәсіпорынға арнайы келіп, жұмыс барысымен танысқан болатын. Осының өзі мен секілді жас мұнайшылардың ертең­ге деген сенімін нықтап, жарқын болашағына кепілдік берді. 

Бүгінгі Атырау – азаттық таңымен арай­ланған, Елбасының сарабдал саясатымен жарқын болашаққа нық қадам басқан аймақ. Мұнай­лы өлкенің өсіп-өркендеуінде Мем­лекет басшысының орасан зор еңбегі бар. Нұрсұлтан Әбішұлының ұйытқы болуымен Қаша­ған­да мұнай өндіру жұмыстары басталды. Қарашы­ғанаққа қатысты мәселе шешімін тапты. Теңіз кен орнының аясы кеңіді. Отандық кәсіпорындар мұнай-газ саласында бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді.  

Әрине Нұрсұлтан Әбішұлының мәлімдемесін мен де алаңдаулы көңілмен қабылдадым. Осынша уақыт ішінде бар ғұмырын, денсаулығын, уақытын қазақ елінің дамуына қосқан кемеңгер басшының бұл қадамы да жақсылықтың бастауы болсын деген тілектемін.

Биылғы жылды Жастар жылы деп белгілеп, жаңа әлеуметтік саясаттың іргетасын қалап, халық­қа шын мәніндегі жанашыр екенін ұқтыр­ғаны үшін разымыз.

Біздің жарқын жастығымыз үшін, бейбіт аспаны­мыз бен берекелі бірлігіміз үшін мың алғыс Сізге, Тұңғыш Президент!

Артур ДІНҒАЛИЕВ,

«Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының геологы

АТЫРАУ