20 Наурыз, 2019

Теміржолшы Жанар Тоғаеваның ең басты қызығушылығы – ұлттық костюмдер тігу

976 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Павлодар жүк тасымалы бөлімшесінің тасымал құжаттарын өңдеу жөніндегі операторы Жанар Тоғаева кез келген кәсіби тігіншіден кем түспейді. Ол ұлттық костюмдерді тігіп, сонысымен де «Made in Kazakhstan» брендін алға жылжытады және қазақ халқының дәстүрін жандандырады.

Теміржолшы Жанар Тоғаеваның ең басты қызығушылығы – ұлттық костюмдер тігу

Бірде бір ұлттық мерекелер оның қатысуынсыз өтпейді. Ол тіккен эксклюзивті костюмдер айналаға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

«Менің екі ұлым бар, бірде соларға жаңажылдық костюмдер тіктім. Біраз уақыт өткеннен кейін таныстарым әлгі костюмдерді жалға сұрай бастады, содан шағын бизнесімнің идеясы пайда болды. Ал тігу менің бала кезден арманым болатын, менің сүйікті әуезім еді. Бұл қызығушылығымды әжем демеп отырды, кейіннен менің тіккен киімдерімді ерекше мақтанышпен киіп жүрді», - деп ағынан жарылды Ж.Тоғаева.

Жанар Тоғаева қамзолдар, тілашар, тұсау кесу және Наурыз мейрамына  қажетті костюмдер тігеді. Бұдан басқа, кешкі киімдерді ұлттық нақышта жасай алады. Ою-өрнектерді алдымен қағазда қиып алады және де олары өзіндік өзгешеліктерімен әдемі болып шығады. Былайша айтқанда, дизайның қиыстырып-ақ келтіреді. Тігу мен пішіндеу талантын ол әжесінен және ағасы – Қазақ КСР еңбегі сіңген сәулетшісі Қалдыбай Монтақаевтан мұраға қабылдап алғандай.

«Ең алдымен мен киімді ақша емес, жан жадырату үшін тігемін. Тұрмыстық ауыртпалықтардан шаршаған кезде тігін барлығын ұмыттырып, жүйкеі тыныштандырады және рахаттандырады. Балалар костюмдерін тігуді және оларды сыйға тартқанды жақсы көремін. Адамның жүзінен қуаныштың ізін көру – мен үшін ең бастысы», - дейді Ж.Тоғаева.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше