Футбол • 20 Наурыз, 2019

Михал Билек: Біздің жігіттер жанкүйерлерге тосын сый жасайды деген үміттемін

1214 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Еуро-2020 іріктеу турнирі аясында Шотландияға қарсы өтетін ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сұрағына жауап берді.

Михал Билек: Біздің жігіттер жанкүйерлерге тосын сый жасайды деген үміттемін

— Біз оқу-жаттығу жиынын 16 наурызда бастадық. Қазақстан чемпионатының ойындарын кейінге шегеріп, Ұлттық құраманың дайындығына барлық жағдай жасап бергені үшін Федерацияға алғыс білдіремін. Өкінішке қарай, ертеңгі ойынға жарақатына байланысты Бауыржан Исламхан мен Юрий Логвиненко құрамаға көмектесе алмайды. Қалған футболшылар матчқа сақадай сай.

— Ертеңгі ойында Қазақстан құрамасының мүмкіндігі қандай?

— Біз Шотландия құрамасының Ұлттар лигасындағы бірнеше ойынын көрдік. Жинақы команда екенін, допты өз аймағынан шабуылшыларға жылдам жеткізетінін байқадым. Сондай-ақ олар қапталда жақсы ойнайды. Себебі соңғы голдарын қапталдан ұйымдастырылған шабуыл арқылы соғып жүр. Дегенмен, ертең біздің жігіттер жанкүйерлерге тосын сый жасайды деген үміттемін.

— Сіз 2010 жылы Чехия құрамасының бас бапкері ретінде Шотландия құрамасымен кездестіңіз. Қалай ойлайсыз, британиялық команда 9 жылда қаншалықты өзгерген?

— Біз өз алаңымызда 1:0 есебімен жеңіп, сырт алаңда тең түскенбіз. Меніңше, Шотландия құрмасы бұрынғыға қарағанда ойын жағынан күшейген.

— Бақтиер Зайнудинов пен Меркелдің құрамаға келе жатқанын естідік. Оларға қаншалықты сенім артасыз?

— Меркель біздің сыртта ойнайтын талантты ойыншымыз. Барлық ойынға қатысып келеді. Голландия кулбының бапкері оның ойынын жоғары бағалап, алаңда көп жағдайды шешіп кетуге мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті. Зайнутдинов жайлы да солай айтуға болады. Оның «Ростовтағы» бапкерлерімен де сөйлесіп тұрамыз. Барлығы оны мақтап жатыр.

— Былтыр Алексей Щеткиннің ойынын көп сын айтылды. Көп ретте қосалқы құрамда отырып қалды. Ал «Ордабасы» сапында 1 гол соғып, 3 нтәижелі пас асырды. Ертеңгі ойында негізгі құрамда шығуы мүмкін бе?

— Щетикин соңғы ойындарды жоғары деңгейде өткізіп жүр. Бірақ, ертең негізгі құрамда кім шығатынын қазір айта алмаймын. Дегенмен Алексейдің қазіргі дайындығы жаман емес. Бүгін кешкі жаттығу өткен соң, ертеңгі ойында негізгі шабуылшымыз кім болатынын айтамын.

Әли БИТӨРЕ,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше