Қазақстан • 21 Наурыз, 2019

Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін иеленді

1042 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы мәслихатының шешімі бойынша облыс орталығындағы негізгі көшенің бірі енді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды.

Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін иеленді

Бұған дейін Тәуелсіздік атауын иеленген көрікті көшенің жалпы ұзындығы 6,8 шақырым болса, кеңдігі 16-18 метр шамасында. Қаланың шығыс қапасынан басталып, орталық алаңына әкелетін бұл көше бойында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші, белгілі қоғам қайраткерлеріне орнатылған ескерткіштер ораласқан.

Сондай-ақ, көше қапталында бес демалыс сквері, оның ішінде еліміздің мемлекеттік рәміздеріне арналған кешен,  1 орталық алаң, 1 орталық саябақ, 1 аквапарк және 1 жоғары оқу орны, 5 колледж, 2 жалпы орта білім беретін мектеп, Алматы облысы әкімдігінің ғимараты, 2 ірі мемлекеттік мекеменің  әкімшілік ғимараттары, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы, Ілияс Жансүгіровтың әдеби мұражайы, 1 балалар емханасы, стратегиялық маңызы жоғары нысан болып табылатын обаға қарсы станса, 2 балабақша, 5 ірі сауда орны, мейрамханалар қоныстанған.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы