Қазақстан • 23 Наурыз, 2019

Министрлер мен әкімдердің жұмысы нақты проблемаларды шешу нәтижелері бойынша бағаланатын болады

1423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына сапары барсында жұртшылықпен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет  басшысы министрлер мен әкімдердің жұмысын нақты проблемаларды шешу нәтижелері бойынша бағалайтынын айтқан.

Министрлер мен әкімдердің жұмысы нақты проблемаларды шешу нәтижелері бойынша бағаланатын болады

«Тұрғындарымызға таза ауыз су, баспана, жұмыс орындары, жайлы өмір үшін инфрақұрылым қажет. Міне, біз осы міндеттерді шешетін боламыз. Министрлер мен әкімдердің жұмысын нақты проблемаларды шешу нәтижелері бойынша бағалайтын боламын», деді ол. 

Сондай-ақ ысырапшылыққа мемлекет деңгейінде тосқауыл қою қажет екенін баса айтты.  Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдерге орталық және жергілікті жерлерде өткізілетін имидждік іс-шараларды күрт азайтуды тапсырды.

«Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторлары – дені сау ұлт, денсаулық сақтау саласын дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру. Мемлекеттік шығыстардың басты міндеті – қарапайым адамдардың мәселелерін шешу», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше