Аймақтар • 23 Наурыз, 2019

Шымкентте жаңа медициналық орталық ашылды

1107 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкентте жаңадан елімізде баламасы жоқ бірегей медициналық құрылғысы бар орталық ашылды. Бүгін шым шаһарға іс-сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи үлгіде ашылған клиниканың жұмысымен танысты.

 

Шымкентте жаңа медициналық орталық ашылды

Төрт қабатты ғимаратта орналасқан «MEDIKER 4К» орталығында тұрғындарға медициналық қызметтің барлық түрі көрсетіледі. Клиникада сондай-ақ алғашқы спорттық медицина орталығы жұмыс істейді. Онда кәсіпқой спортшылар дайындық пен оңалту процестерін өте алады. Заманауи үлгіде ашылған клиника жетекшілері тәулігіне 500-ге дейін адам қабылдай аламыз деп отыр.  Ал, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша 30 000 адамға дейін қызмет көрсетеді. Мұнда науқастарға  жоғары жайлылық жағдайында динамикалық бақылау мен дербестендірілген тәсілді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін диагностикалық және емдік қызметтер кешені қамтылады.

MEDIKER  компаниялар тобының барлық медициналық орталықтарын бірыңғай цифрлық кеңістікке біріктіретін жеке медициналық ақпараттық жүйесі бар екенін атап өткен жөн. Айталық, цифрлық технологиялардың арқасында, мысалға, Астанадағы MEDIKER дәрігерлері Шымкент қаласындағы әріптестеріне қашықтықтан кеңес бере алады.

Сонымен қатар, «MEDIKER 4К» клиникасының базасында Ұлттық Олимпиада комитетімен, спорттық жекпе-жек Конфедерациясымен және спорттық медицина Федерациясымен тығыз ынтымақтастық аясында спорттық медицина орталығы ашылған. Алдыңғы қатарлы спортшылар, халықаралық біріншіліктер мен Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері қалпына келтіру және физиотерапиялық ем алады. Орталықтың негізгі бағыты - балаларға қамқорлық көрсету. Астана, Алматы, Атырау сияқты қалаларда педиатриялық көмек көрсету саласында көпжылдық жұмыс тәжірибесі бола отырып, МEDIKER компаниясы Шымкент қаласында да қызмет көрсету аймағын кеңейткен. Клиникада көпжылдық тәжірибесі бар 3 000-ға жуық дәрігер мен медицина мамандары жұмыс істейді.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше