Қазақстан • 24 Наурыз, 2019

Financial Times басылымы Н.Назарбаевты елдегі геосаяси тұрақтылықтың тірегі деп есептейді

1077 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Financial Times басылымы бірқатар сарапшының пікірін берген. 

Financial Times басылымы Н.Назарбаевты елдегі геосаяси тұрақтылықтың тірегі деп есептейді

«Мемлекет басшысы сәрсенбі күні, отыз жылдан кейін, отставкаға кету туралы мәлімдеме жасады. Коммунистік партия қатарында болған бұрынғы көшбасшы қираған Кеңес Одағынан шығып, жаңа ел құрды. Қазір этникалық әртекті ұлттардың ынтымағын жарастырғаннан кейін, жоғары білімді элитасы бар, гүлденген, мұнайға бай экономикалық аймақты бақылап отыр. Қазақстан Ресей және Қытаймен жақсы қарым-қатынас ұстады. АҚШ-тың одақтасы ретінде танылып, геосаяси тұрақтылықтың тірегіне айналды» делінген Financial Times газетінде жарияланған мақалада.

Сондай-ақ Мәскеудегі Карнеги орталығының аға ғылыми қызметкері Александр Габуев «Бұл қадам Назарбаевтың өңірдегі ең көреген және ең тәжірибелі көшбасшы екенін, оның болжамдары әлі де дұрыс жол сілтейтінін көрсетеді» деп есептейді.

«Орталық Азияда орналасқан елде гүлдену мен тұрақтылықты қолдау, елдің орасан зор мұнай-газ байлығын барынша арттыру және шетелдік инвесторларды тартуға арналған ауқымды жаңғырту жобасын іске қосу – оның еңбегі» дейді Financial Times.

Ал Ресей Ғылым академиясының талдаушысы Станислав Притчин «Назарбаев биліктегі сабақтастықты қамтамасыз етеді» дейді. 

«Жаңа мемлекет басшысы мен Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы Назарбаев арасында қандай да бір қақтығыс туындайтынын елестету қиын. Бұл елдің жаңа басшысының саяси білігін арттырып, ел көшбасшысы ретінде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді», деді Притчин.