Қазақстан • 24 Наурыз, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

956 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының биылғы екі айда атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы есеп берілді және Қордың даму стратегиясын жүзеге асыру аясындағы жоспарлары жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының компанияларын IPO-ға шығару және Қор активтерін жекешелендіру үдерістері жөнінде мәлімделді.

Аxметжан Есімов Қор жұмысының оң нәтижелерін атап өтті. Қор құрамына кіретін компаниялар оң қаржы көрсеткіштерін көрсетті. Қордың ірі сегіз компаниясының табысы 2017 жылмен салыстырғанда ұлғайды. Осылайша, Қордың компаниялар тобының негізгі қызметінен түсетін табысы 8,5 трлн. теңгеден асты және 2018 жылы 35 %- ға артты.

Таза пайда 1,1 трлн. теңгені құрады, бұл 2017 жылға қарағанда екі есе көп. Дивиденд көлемі екі еседен астамға артып, 296 млрд. теңгені құрады. Қор компаниялар тобының қарыз деңгейі 1 триллион теңгеге қысқарды. Сыртқы қарыз 4 млрд. АҚШ долларына қысқарды.

 

Мемлекеттік бюджетке аударымдардың көлемі 1,1 трлн. теңгені құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 40% артық. Оң өндірістік  қаржылық нәтижелер Қорға денсаулық сақтау, салауатты өмір салты, медицина, білім беру және қайырымдылық саласындағы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыруға және кеңейтуге мүмкіндік берді.

Ахметжан Есімов Мемлекет басшысына ағымдағы жылға Қордың негізгі жоспарлары мен міндеттері туралы баяндады. Осылайша, Қордың жоспарлары: «Қазақтелеком» АҚ мен «Эйр Астана» акцияларын IPO-ға шығару, «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы, «Fly Arystan» авиа компаниясын іске қосу мен болашақ ұрпақ Қорын құруға бағытталған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше