Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Елбасы есімін беру – табиғи заңдылық

630 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Елбасы есімін беру – табиғи заңдылық

Ақмола өңіріндегі «Целино­градское» кре­дит­тік серіктес­тігі­нің қызметкерлері елорда атауы­ның Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қол­дайтындықтарын жеткізді.

«Ел мүддесін мұрат еткен Тұң­ғыш Прези­дентіміз Нұр­­сұл­тан Әбішұлы Назарбаевтың ең­бе­гінің ар­қа­сында Тәуел­сіз­ді­гін жаңа алған жас мемлекет ал­ға қадам басты. Нарықтық жү­йе игеріліп, жеке­шелендіру жүр­гізіл­ді, кәсіп­керлерге қолдау көр­се­т­і­ліп, инвестициялар тар­тылды, алыс-жақын шетелдер­мен өз­ара сауда қатынастары жол­ға қойыл­ды. Тәуелсіз елдің ал­ғаш­қы қадам­дарының бірі – төл тең­ге­міз қолданысқа ен­гізі­ліп, дер­бес қаржы жүйесі құ­рыл­­ды. Бұл жұ­­мыстар мен қол­­дау­лар­дың нә­­ти­жесі көп күт­тір­меді, қар­жы­лық дағ­­да­рыс­­тарға тө­теп бе­ріп, эко­­но­ми­ка­мыз дамы­ды. Әр қазақстандықтың әл-әуқаты жақсарып, еліміз жаңа белестерді бағындыра бастады. Саяси шешім қабылданып, елорданы  Ал­­ма­тыдан Ақмолаға көшіру ту­ра­­лы шешім қабыл­данды. Қыс­қа мер­зім ішінде Еу­ра­зия кін­дігін­де, Есіл­дің бойында жаңа елорда­мыз пайда болды», дейді ұжым еңбеккерлері. 

«Целиноградское» кредит­тік серіктестігінің ұжы­мы Ел­басының табанды жұмы­сының нәти­жесінде қазіргі Қазақстан же­дел қарқынмен дамып, эко­номи­касы тұрақты елдердің қа­та­ры­нан орын алғанын айтады. 

«Тұңғыш Президентіміз Нұр­сұлтан Назар­баевтың ең­бегінің арқасында Тәуел­сіздік ал­ғаннан бері Қазақстан бүкіл әлем­дік үде­рістер инте­гра­ция­ланған, демо­кратия­лық құн­ды­лықтарды мойындай­тын мем­лекетке айналды. Сон­дық­тан, Астана қала­сын Ел­басы есімімен қайта атау уа­қыты жеткен табиғи заң­дылық екенін мойындаймыз. Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп қайта атау­ды «Целиноградское» кре­дит­тік серіктестігінің ұжымы то­лық қолдайды», дейді ұжым қызметкерлері. 

Ақмола облысы

* * * 

Ақжайық жұртшылығы Аста­на­ны Нұр-Сұлтан деп қайта атау туралы ұсынысқа ой-пікірлерін білдіріп, бұл бастамаға қолдау танытатындықтарын жеткізді.

Мәселен, М.Өтемісұлы атын­дағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұстазы, педагоги­ка ғылымдарының докторы, про­фессор Абат Қыдыршаев Елбасы­ның Қазақстан мен Астана алдын­дағы еңбегі айрықша екенін айтады. 

«Қазақстанның тұңғыш Прези­денті атқарған ұлан-ғайыр істерді айтқанда екі мәселеге ерекше тоқ­тал­ғым келеді. Нұрсұлтан Назар­баевтың 1991 жылы Семей ядролық сынақ полигонын жабуы әлем жұрт­шы­лығы үшін үлгі-өнеге болды. Екіншіден, Елбасы Қазақ елінің астанасын өз қолымен салды. Оның әр ғимаратының ерекшелігі, әр кірпіші Елбасының сын тезінен өтті. Астанада көптеген сәулетті, әдемі ғимараттарды айтпағанда, Назарбаев университеті салынды, өңірлерде зияткерлік мектептері іске қосылды. Бұл еліміздегі білім беру деңгейін көтерді. Бүгінде елордамыз барша ел мақтанатын бас қалаға айналды. Сондықтан қаланың Нұр-Сұлтан болып аталуы заңдылық деп ойлаймын», деді Абат Қыдыршаев. 

Ал Оралдағы №17 орта мек­тептің директоры Тамара Рудичтің айтуынша, қазіргі кезде Қазақстан тұрақты дамып, гүлденіп келе жатқан елдердің бірі.

«Бүгіні еңселі, ертеңі жарқын елдегі жетістіктердің бәрі – Елбасының сали­қалы сая­сатының жемісі. Осы орайда Астана өзін тұрғызған сәулет­шісінің есі­мін алып отыр. Сондықтан бұл өз­ге­ріс­ті толығымен қолдаймыз», деді ол. 

Самбодан әлем чемпионы Нұрбол Серіков Қазақстанның бере­ке-бірлігін арттырып, көшін алға сүйреген Елбасының арқа­сында еліміздің мәдениеті мен спортын әлем танығанын жеткізді. «Қазақ елінің көк байрағы дү­ние жүзінің түкпір-түкпірінде көтері­ліп, Әнұранымыз орындалды. Үлкен спортқа даңғыл жол ашыл­ды. Елбасымызға ықылас-құр­метімізді осылайша білдіре отырып, алдағы уақытта да ел намысын абы­роймен қорғауға ұмтылатын боламыз», дейді Н.Серіков.

Батыс Қазақстан облысы

* * *

Біз қолдаймыз! Елбасының еңбегі өте зор. Ел­басы­мыз басқарып келген 30 жылдың ішінде еліміз аман, жұртымыз тыныш болды. Сондықтан өзі ірге тасын қалаған Астана мен Нұрсұлтан бір ұғым.

Адам Бойсаев,

Алматы облыстық «Вайнах» чешен-ингуш мәдени бірлестігінің төрағасы

* * * 

Тәуелсіз Қазақстан тарихында жас елордамыз Астана мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі тығыз байланысты. Бұл қазақстандықтармен қатар, таяу және алыс шет елдердің саяси және іскер топтары, қалың жұртшылығы, ғылыми және мәдени қауымы үшін де айқын ақиқат. Бүгінде жаңа елорданы елдің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев салғандығы туралы фактіге ешкім де күмән келтіре алмайтындығын нық сеніммен айтуға болады. Елбасының қаланы жас мемлекеттің Елордасы ретінде қалыптастыру және дамытудағы рөлін бағаламау мүмкін емес. 

Руслан Валишанов,

Алматы облыстық «Туған тель» татар мәдени бірлестігінің төрағасы

* * *

Нұрсұлтан Әбішұлы – Тәуелсіз Қазақстанның архитекторы және негізін қалаушы. Ұлы далада біздер және бүкіл әлем  сүйсінетін ғажайып елордамыз Астананы салды. 

Біздің жас елордамыз Тұңғыш Президент Нұрсұл­тан есімін иеленуге лайықты, өйткені ол іс жүзінде әйгілі Абылай ханның арманын жүзеге асырды: мемлекет құрды, бейбітшілік орнатты, жаңа қала салды. 

Атсалим Идигов, 

Қазақстан халқы  Ассамблеясының мүшесі