Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Ақтөбеліктер де қуаттады

830 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбедегі Қазақстан халқы Ассамблея­сының ғимаратында елорданың Нұр-Сұл­тан атауына қолдау көрсетуге арналған жиын өтті. Жиынға облыстық мәслихат депу­­таты, Ақтөбе ауыл шаруашылығы кол­лед­­жінің директоры Амангелді Есіркепов, «Ақ­төбе» футбол клубының бас директоры Самат Смақов, «Ер-Бақыт» спорттық-пат­риоттық клубы» қоғамдық ұйымының төр­аға­сы, ауған соғысының ардагері Марат Қой­лы­баев, кәсіпкер, Ақтөбе облысының іс­кер әйел­дер қауымдастығының мүшесі Ал­ты­най Мұханова, «Нұр Отан» партиясы облыс­тық филиалы «Жас Отан» жастар қа­на­ты­ның төрағасы Асылжан Бүркіталин қа­ты­­сып, елордаға Нұр-Сұлтан атауының бері­луіне бай­ланысты өз ойларымен бөлісті. 

Ақтөбеліктер де қуаттады

«Біз, ғасырлар тоғысында дүние есігін ашқан жас ұрпақ, шын мәнінде бақыттымыз! Тәуелсіз елде тұлға болып дамуға барлық жағдай жасалды. Қазір еліміздегі балалар мектепке дейінгі, мектептегі біліммен толық қамтылған. Мектеп түлектеріне алғашқы кәсіп игеру үшін тегін кәсіптік білім де беріледі. Жоғары оқу орындарында жыл сайын бөлінетін гранттар саны да ұлғайып келеді. Әлемнің кез келген үздік оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасымен 10 мыңнан астам жас біліктілігін арттырды.

Көптеген замандастарымыз мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде жаңадан өз кәсіптерін ашты. Жас мемлекетіміз де өсті. 30 жылға жуық уақыт ішінде Қазақстан әлемдегі кез келген мемлекетпен терезесі тең дәрежеге жетті. Еліміз ЕҚЫҰ мен Ислам елдері конференциясында төрағалық етті, әлемдік деңгейдегі ЭКСПО көрмесін өткізді, Сирия ахуалын шешуде маңызды рөлге ие болды. Әлемнің бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы 50 мемлекетінің қатарына кірді. Бұл жетістіктің екі себебі бар. Ол талай қиындық болса да мойымай, жасымай өткен қазақ халқы және халықты басқарған тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев. Дәуірлер тоғысында тұтас мемлекетті ая­ғына тұрғызған тұлға, астананы ғана емес, елді қайта құрған азаматқа елорданың атауын беру тарихи заңдылық. Ақтөбелік жастар Астана қаласы атауының өзгеруін қолдайды», деді «Жас Отан» Жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асылжан Бүркіталин.