Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Қостанайда Ресейге кетіп бара жатқан автокөлік жүргізушісінен есірткі табылды

572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай шекара отрядына қарасты «Қайрақ авто» өткізу бөлімшесінде Ресейге қарай «Равон» автокөлігімен кетіп бара жатқан 1986 жылғы Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанайда Ресейге кетіп бара жатқан автокөлік жүргізушісінен есірткі табылды

«Шекара нарядының қызметтік иті автокөлік жүргізушісінің орындығының астына целлофан пакетке салынып, жапсырылып жасырылған түйіншек тауып алды. Табылған заттың «гашиш» есірткісі екендігі анықталды. Ұсталған азамат айғақ затымен Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды», делінген хабарламада.