Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Алматылық жастар Нұрсұлтан Назарбаевты гүл шоқтарымен қарсы алды

636 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық жастар еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ұшақ трапынан гүл шоқтарымен қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылық жастар Нұрсұлтан Назарбаевты гүл шоқтарымен қарсы алды

ЖОО студенттерін біріктіретін G-38 ұйымының басқаруымен екі мыңнан астам алматылық студент Елбасына жастарға деген шексіз қамқорлығы мен қолдауы және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесі үшін жеке алғыстарын білдірді.

Траптан түскен Нұрсұлтан Назарбаев өзі күтпеген, бірақ қуаныш сыйлаған тосын кездесуді ұйымдастырған жастарға жеке алғысын білдірді. Айта кетерлігі, Алматыда биыл екінші жыл қатарынан 2020 жылға дейінгі жастардың Жол картасы жүзеге асып жатыр. Мысалы, «Алматы жастары» қалалық тұрғын үй бағдарламасы арқылы жас отбасылар алғашқы жарнасыз 5% несиемен жеңілдетілген ипотекаға қол жеткізе алады. Елбасының тапсырмасы бойынша Алматыда өткен жылы бірнеше жатақхана іске қосылды, биыл тағы 2680 орынды 5 жатақхана салу жоспарланған.