Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Қостанайда үй тонаған ұрылар ұсталды

833 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қостанай қалалық «Солтүстік» полиция бөлімінің полицейлері 5 миллионнан аса теңгенің затын ұрлаған ұрыларды тап бастырмады», деп хабарлады тілшілер қосынына Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қостанайда тал түсте ұрылар жер үйдегі ауызғы бөлменің терезесін қиратып, 5 миллион теңгеден аса қымбат заттарды алып кеткен.

Қостанайда үй тонаған ұрылар ұсталды

Жедел-іздестіру жұмыстарының арқасында бір тәулік ішінде күдікті үш адам ұстады. Олардың алған заттарының барлығы тәркіленді. Күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Полиция қала тұрғындарына өз заттарына абай болуы үшін, үйді күзет қызметіне беруге кеңес берді. Облыста 189 жеке-меншік  күзет ұйымдары бар. Бүгінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде күзет ұйымдары мобильдік қосымша арқылы қызметтің заманауи түрін ұсынып отыр. Қосымша планшеттік компьютерге немесе смартфонға орналастырылады. Сол арқылы күзететін ғимараттың иесі приборларды күзетке салып-алуды  өз бетінше  басқара алады.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай