Саясат • 26 Наурыз, 2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

1563 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентоппен телефон арқылы сөйлесті.

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

М.Шентоп Д.Назарбаеваны Наурыз мерекесімен әрі Сенат басшысы болып сайлануымен құттықтады және оның Қазақстан халқының игілігі жолындағы қызметінде табысқа жетуіне тілектестігін білдірді. Ол екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім артты және Сенат Төрағасына Түркияға сапармен баруға шақырды.

Д.Назарбаева жылы құттықтаулар үшін алғысын жеткізіп, «Елбасының жаңғыртуға бағытталған жолын жалғастыру - басты міндет» екенін атап өтті. Сенат Төрағасы М. Шентопты халықты әлеуметтік қолдау, экономикалық өсу және инвестициялар тарту мәселелеріне баса назар аударылған Қазақстанның даму стратегиясы туралы жан-жақты хабардар етті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, атап айтқанда, парламентаралық үнқатысуды нығайту мәселелерін талқылады. Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасын 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдерінің парламенттері төрағаларының кездесуіне шақырды. «Бізде көптеген жоспарлар бар, оларды нәтижелі іске асыру үшін жұмыс істейміз. Мен Түркияның өркендеуін, Сіздердің Президентіңіз Реджеп Тайып Ердоғанға және бүкіл түрік халқына табыс тілеймін. Түркия - қуатты мемлекет және барлық қиындықтарды жеңеді», - деп атап өтті Д.Назарбаева.

М.Шентоп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанның қалыптасуы мен табысты дамуындағы жетекші рөліне жоғары баға берді, сондай-ақ Қазақстан-Түркия қатынастарын нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін алғыс айтты.